Статистика сөйлейді: Суицидке себеп қандай?
Wisevoter ұйымының есебіне сәйкес, 2023 жылғы 20 ақпандағы жағдай бойынша суицид статистикасы бойынша Қазақстан 178 елдің ішінде 19-шы орынға жайғасқан.
Бұл ретте Қазақстан өз-өзіне қол жұмсау бойынша балалардың өмір сүру ұзақтығы мен қорғалуы бойынша елдер рейтингінде 180-ден 50-ші орынды иеленеді.
Wisevoter халықаралық зерттеулерге сілтеме жасай отырып, жасөспірімдер ата-аналар проблемаларына немқұрайлы қарауына байланысты өз-өзіне қол жұмсайтын көрінеді, осылайша олар ересектердің қатыгездігіне наразылық білдіреді. Сондай-ақ, суицид қаупін белсендіретін ең өткір алғышарттардың бірі — жастар субмәдениеті.
Білім министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің мәліметінше, қазіргі қазақстандық қоғамның өзекті мәселелерінің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы аутоагрессивті мінез-құлық пен суицид проблемасы. Бұл құбылыстың республикадағы балалар ортасында жиілігі тұрақты жоғары: 2020 жыл – 144 (әрекет – 307), 2021 жыл – 175 (373), 2022 жыл-155 (309).
“Өңірлер бөлінісінде суицидтің ең көп белең алуы Жамбыл облысында — 3-тен 13 жағдайға, Солтүстік Қазақстан облысында 2-ден 5-ке дейін, Қостанай облысында 6-8 және Алматыда 12-16 жағдайға дейін тіркелген.
Өз-өзіне қол жұмсаудың жоғары деңгейі Түркістан облысында қалып отыр, онда 36 жағдай тіркелген. Дәл осы аймақта 30-дан 46-ға дейін өскен суицид әрекеттерінің өсуі байқалады. Дәл осындай жағдай Ақтөбе және Атырау облысында анықталады», — делінген комитеттің есебінде, бұл ретте уақытша кезең көрсетілмеген.
2022 жылы суицидтен шамамен 3700 адам қайтыс болды. Қазақстан психоаналитиктер қауымдастығының айтуынша, ерлер арасында суицидтің ең көп әдісі — жіпке , әйелдер арасында — дәрі-дәрмектермен артық дозалану, ал әскери қызметшілер мен полицейлер арасында — атыс қаруын қолдану.
Елдің білім министрлігі баланы қорғау Комитетінің айтуынша, жастар арасында суицидтің жоғары деңгейіне әкелетін бірнеше факторлар бар:
- Мектептегі буллинг;
- Өмірге деген қызығушылықтың жоғалуы;
- Әлеуметтік мінез-құлық нормаларының төмендеуі;
- Ата-аналар мен жақындардың сүйіспеншілігінің болмауы
- Ересектер тарапынан дөрекілік.
Аталған факторлармен күрес жалғасын тауып келе жатса да, 2024 жылы жасөспірімдер арасындағы жанжал жиі белең алды. Қоғамдық резонанс тудырған мәселелер осы тақырыппен тікелей байланысты.