Стамбулда болған ұшақ апатынан 2 қазақстандық зардап шекті — Қазақстан жаңалықтары
Стамбулда болған ұшақ апатынан екі қазақстандық адам жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығының мәліметіне сәйкес, 2020 жылғы 5 ақпанда жергілікті уақыт бойынша шамамен 18.00-де ұшақтың Ыстанбұл әуежайына қолайсыз қонуы барысында ұшу-қону жолынан тыс шығып кетуі салдарынан Қазақстан Республикасының екі азаматы жарақат алған. Олар Фатих Сұлтан Мехмет ауруханасына жеткізілген», — делінген ресми хабарламада.
Бұл жағдай Бас консулдықтың бақылауына алынып, қазақстандықтарға қажет көмек көрсету бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр.
Естеріңізге салайық, 5 ақпан күні Түркияның Стамбул қаласындағы әуежайда ұшақ апаты орын алған еді. Алғашында опат болғандар жоқ деп айтылған оқиғадан 3 адам көз жұмғандығы белгілі болды.
Сонымен қатар апатқа ұшыраған ұшақтың әуежайға қонуы түсірілген видео жарияланыпты.
stan.kz