Сталиннен қаймықпаған қазақ қызы жайлы шындық ашылды

0

Бойжеткен генералиссимустың бұйрығымен майданға аттанып, офицерлік погонға қол жеткізген

АСТАНА, 18 наурыз — Sputnik. Қазақстанның орталық архиві Иосиф Сталинге қысқа хат жазып, ультиматум қоюға батылы жеткен ержүрек қазақ қызы Халида Маманованың өмір тарихын жариялады.

«Бай» тұқымынан шыққандықтан оған әскери атақтың орнына қабір қазуға күрек беріп, тіпті, халық жауы деп жариялап жібере жаздаған. Дегенмен бойжеткен генералиссимустың бұйрығымен майданға аттанып, бүкіл соғысты бастан кешіп, офицерлік погонға қол жеткізгенше тынбаған, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

Халида Маманова 1918 жылы Алматы облысында туған. Ол соғыс жылдарында штрафротада қызмет еткен жалғыз қазақ әйелі.

Медициналық қызметтің капитаны Берлинге дейін барған.

Соғыстан кейін медицина ғылымдарының докторы деген ғылыми атақ алды. Ұзақ уақыт Ақтөбе медицина институтында кафедра мегерушісі болды. Онкологиялық ауруларды емдеу проблемасымен айналысты. 1977 жылдың 15 тамызында Болгарияға іссапары кезінде көз жұмды.

Бүгінде Алматы архивінде 200 мың бірегей құжат сақтаулы тұр. Олардың арасында сирек кездесетін фотосуреттер, фильмдер, майдангерлердің құпия құжаттары мен хаттары бар. Архив ғимаратына кез келген адам кіре алмайды. Тіпті мекеменің барлық қызметкері бірдей ескі папкалар және қағаздарға қол жеткізе алмайтын көрінеді.

sputniknews.kz