СҚО-ға жақын аймақта Африка чумасын жұқтырған доңыздар қырылып жатыр

0
181

Құстар тұмауының карантині аяқталғаннан кейін екі апта өтпей жатып, Солтүстік Қазақстан облысының шекарасынан алыс емес Омбы маңында африкалық шошқа безгегімен ауырған жануарлар тіркелді.

Құс тұмауы сияқты бұл вирус біздің облыстың аудандарына өршіп кетеме деп қорғамыз деп жазды Петропавловск.news басылымы.

Қыркүйектің басында Омбыдағы құс тұмауы тарап жатқаны туралы ақпарат жарияланған болатын, көп өтпей СҚО-да да құстардың өлімі тіркеле бастаған тұғын.

Нәтижесінде жұмыртқалар қымбаттады, бірақ билік бұлай болмайды деп уәде берумен келеді. Шаруалардың өздері жойылған құс еті үшін өтемақы төлемдеріне наразы болды. Солтүстік Қазақстандағы тауар өндірушілердің соңғы нәтижелері мен шығындары әлі өтелген жоқ.

Омбыда инфекция ошағынан 5 шақырым радиуста ет пен жем сатуға, кез-келген жануарларды союға тыйым салынады, індетке ветеринария мамандары ғана бара алады.

30 қарашаға дейін бұл оба салмағы 11 тоннадан асатын 329 доңызды өлтірген. Соңғы рет Африка шошқа безгегі Омбы облысында үш жыл бұрын тіркелген. Содан кейін салдары апатты болды: аурудың ошақтары облыстың 12 ауданында тіркелді, 42 елді мекен карантинге алынды, шошқа саны 20 мыңға азайды. Иелеріне өтемақы ретінде 136 миллион рубль (шамамен 750 миллион теңге) төленді.