СҚО-дағы «еңбекшілердің халық кеңесі»: бейнежазба арқылы үгіт жүргізген сепаратистерге тергеу жүргізіледі

0

Бас прокуратурада Солтүстік Қазақстан облысындағы «еңбекшілердің Халық кеңесі» отырысының видеосына түсініктеме берілді. Онда жиналғандар Қазақстан Республикасын мойындамай және Қазақ КСР-не оралу керек деп мәлімдеді, деп хабарлайды Kznews.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

«2023 жылғы 30 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті әлеуметтік желілерде Петропавл қаласы «еңбекшілерінің халық кеңесін» құру туралы бейнеролик орналастыру фактісі бойынша ҚК-нің 180 — бабының 2-бөлігі бойынша» БАҚ-ты пайдалана отырып, адамдар тобында сепаратизмді насихаттау «бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», — делінген хабарламада.

Сол күні ҰҚКД және облыстық полиция департаментінің тергеушілерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.
Іс жүргізетін прокурорлар тағайындалды.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жедел-тергеу іс-шаралары, оның ішінде тінту мен алу жүргізіледі, сондай-ақ тиісті сот сараптамалары тағайындалады. ҚІЖК — нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді», — деп түсіндірді Бас прокуратура.

Тергеу барысы Бас прокуратураның бақылауында.

фото: tengrinews.kz