СҚО-да тарифтер төмендейдi — Аймақ|05 Желтоқсан 2018, 16:26

0
05 Желтоқсан 2018, 16:26 193 0

Астана, BAQ.KZ. СҚО әкiмдiгiнiң отырысында 2019 жылы облыста су, қоқыс шығару және лифттi пайдалану тарифтерi төмендейтінгі айтылды, деп жазды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Елбасының тапсырмасына сай Қазақстанда коммуналдық тарифтер бағасының негiзсiз өсуiне жол бермеу бағытында ауқымды шаралар жүргiзiлуде. Нәтижесiнде облыста барлық бағыттар бойынша тарифтер төмендедi. 1-шi қарашадан бастап жылу энергиясына қайтарма тариф азайтылды. Осы кезеңнен бастап электр энергиясы 2,7% төмендедi. 2019 жылдың 1-шi сәуiрiнен бастап электр энергиясының тарифi тағы 4,5% түседi. Өңiрде көмiрдiң бағасы 800 ден 3000 теңгеге дейiн арзандады. Облыста коммуналдық тарифтердi түсiру жұмысы әлi де жалғасын табады.

«Облыста барлық бағыттар бойынша монополистер тарифтердi түсiрдi. Әлi де резервтер бар. Жаңа жылдан бастап «Қызылжар Су» тарифiн 9% арзандатады. Қоқыс шығару және лифттi пайдалану бағасы 5% түспек. Тарифтердiң арзандауы қызмет көрсету сапасына әсер етпеуi керек. Монополистер қондырғыларды жаңғырту жұмыстарын одан әрi жалғастыру қажет», — дедi облыс әкiмi Құмар Ақсақалов.

Облыста дәрi-дәрмектiң де бағасы қатаң бақылауда болып, арзандатылады. Өңiр басшысы мемлекеттiк органдардың әкiмшiлiк шығындары да азаюы керектiгiн баса айтты.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ