СҚО-да өзіне қол салмақ болған қызды полиция құтқарып қалды — Қазақстан жаңалықтары

0

СҚО-да полиция қызметкері өзіне қол салмақ болған қызды құтқарып қалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп Stan.kz хабарлайды.

СҚО-да өзіне қол салмақ болған қызды полиция құтқарып қалды

Арты трагедияға айнала жаздаған оқиға жексенбі күні кешке орын алған. Сағат 20.00-де кіші сержант Денис Комаров Жеңіс саябағында кешкі кезекшілікте болған. Полиция қызметкері Есіл өзенінің шетіннен бір көрініп, жоғалып кеткен әйел бейнесін байқаған.

Құқық қорғау органдарының қызметкері әйел тұрған беткейде 25-30 метр тереңдіктегі құз барын біліп, оған жақындай түскен. Полиция қызметкерінің айтуынша, қыз құздың ең шетінде жылап, суықтан қалшылдап тұрған.  Бұған дейін қыз полицейдің жанынан өтіп, орындыққа өз телефонын қалдырған екен. Мұны байқаған полиция қыздан телефонын алып кетуін сұрағанда, қыз телефон өзінікі емес екен айтып айқайлаған. 

Тәртіп сақшысы оқиғаның қиындап  бара жатқанын біліп, қызға жақындауды ұйғарған. Қызға көмектесемін деп жүріп сулы саздан тайып кетіп, өз өмірімен қоштаса да жаздаған. Полицейдің бұл әрекетін байқап қалған қыз полицияға жақындамауды талап еткен.

Алайда, алған бетінен қайтпаған Комаров біртіндеп жақындап, оның қолынан ұстап, қызды тыныштандырған. Құтқарушылармен бірге оны қауіпсіз орынға жайғастырған.

Петропавл қ. ІІБ 1 ПБ қызметкерлері өз-өзіне қол жұмсау фактісін ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізді. Қажетті тергеу әрекеттерін жүргізгеннен кейін 1997 жылы туған қызды туыстары алып кеткен.

stan.kz