СҚО-да өз бетімен иеленіп алған жерлерді анықтау жолдары қарастырылды

0

2018 жылғы 25 желтоқсан 09:33 142

СҚО-да өз бетімен иеленіп алған жерлерді анықтау жолдары қарастырылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат — Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің өңірлік кеңесінде «Қалакадастр» жобасын әзірлеу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жоба тартылған желілердің, магистралдық желілердің иелерін, тіпті бос жатқан учаскелерді өз бетімен иеленіп алғандарды да анықтауға мүмкіндік береді.

Картаның әзірленуі 2019 жылы аяқталады.

Өңірлік кәсіпкерлер кеңесіне ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов қатысты. Оның айтуынша, жоба барлық мемлекеттік салалардағы сыбайлас жемқорлықтарды азайтуға мүмкіндік береді.
СҚО-да өз бетімен иеленіп алған жерлерді анықтау жолдары қарастырылды

«Отырыста кәсіпкерлер палатасы мен мемлекеттік қызмет істері департаментінің өзара ықпалдастық мәселелері қаралып, мемлекеттік сатып алулар саласындағы түйткілдер талқыланды», — дейді баспасөз қызметінің өкілдері.
СҚО-да өз бетімен иеленіп алған жерлерді анықтау жолдары қарастырылды
СҚО-да өз бетімен иеленіп алған жерлерді анықтау жолдары қарастырылды
СҚО-да өз бетімен иеленіп алған жерлерді анықтау жолдары қарастырылды
СҚО-да өз бетімен иеленіп алған жерлерді анықтау жолдары қарастырылды

Автор: Олеся Жуковень

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz