СҚО-да монополистерге тарифті көтергені үшін айыппұл салынды
Тексеру қорытындысы бойынша энергия беру ұйымдарының жылу мен электр энергиясына тарифтері реттелді.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы монополистердің жылу мен электр энергиясына тарифтерді көтеру фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бақылау органы баспасөз қызметінің мәліметінше, «Севказэнергосбыт» ЖШС жеке кәсіпкерлерге пайдаланған электр энергиясы үшін бағаны көтеріп шот-квитанция берген.
«Тарифтерді 19,41 теңгеден 15,51 теңгеге дейін төмендету арқылы тұтынушыларға 40 млн теңге өндіріледі. «Петропавл жылу желілері» ЖШС мен «Солтүстік Қазақстан үйлестіру электр желілері компаниялары» АҚ-ның тарифтік сметаларды осы жолмен қымбаттатқаны анықталды», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Тексеру қорытындысы бойынша энергия беру ұйымдарының жылу мен электр энергиясына тарифтері реттелді.
Олар 1 қарашадан бастап іске қосылды. Жылуға белгіленген тариф 2019 жылдың 31 қазанына дейін, ал электр энергиясына 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін өзгермейді.
«Петропавл жылу желілері» ЖШС мен «Солтүстік Қазақстан үйлестіру электр желілері компаниялары» АҚ-ға табиғи монополиялар саласындағы бұзушылығы үшін 2,6 млн теңге сомасында айыппұл салынып, әкімшілік жауапқа тартылды», — деді облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!