СҚО-да мемлекеттік бағдарлама арқылы 450 млн теңге ұрланған

0

СҚО бойынша «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша аса ірі мөлшерде бюджет ақшасын ұрлау анықталды 

«Жол төсемі толық болмаған кезде автомобиль жолы пайдалануға қабылданды. Келтірілген залал сомасы шамамен 450 млн теңгені құрады. Ауданда жол салу кезінде ұрлық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу нәтижесінде ұрлыққа қатысы бар тұлғалар анықталып, істері сотқа жіберілді.

Жергілікті тұрғындар үшін автожол салу олардың аудан орталығынан қашықтығына байланысты әлеуметтік маңызы бар. СҚО бойынша АФМ Департаментінің мұндай жұмысты жүргізуі қазіргі уақытта жекелеген учаскелері жұмыс істеп тұрған автомобиль жолының құрылысын қалпына келтіруге мүмкіндік берді», — делінген АФМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ақпарат: http://t.me/orda_kz

Фото:  azh.kz