СҚО-да коронавирусқа шалдыққан баладан жеті адам індет жұқтырған – Қазақстан жаңалықтары

0
0

Солтүстік Қазақстан облысында бір түнде коронавирус жұқтырған жеті науқас тіркелді, олардың алтауы Петропавлда, біреуі Қызылжар ауданында, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы СҚО-ның тауар сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департамент басшысының орынбасары Татьяна Горлова мәлңмдеді. 

Айтуынша, науқастардың барлығы – коронавирусқа шалдыққан баламен байланыста болғандар. Қазір олар басқаларынан оқшауланып, ем қабылдауда. 

«Сынама нәтижелері таңғы сағат төрт-бестер шамасында шықты. Бір нәрсені кесіп айтуға болмайды. Барлығы карантинге жатқызылды. Олардың үйлері залалсыздандырылып, науқастармен қарым-қатынаста болғандардың барлығы анықталды. Эпидемиалогиялық тексеріс жүргізілуде. Бүгін науқастардың сырқаттанғанына қол жеткізу үшін тағы бір сынама жасалады», – деді басқарма басшысының орынбасары. 

4  сәуір күні СҚО-да коронавирусқа шалдыққан 25 науқас тіркеуде тұр екен. 


Петропавлда медициналық қызметкер өзінің 86 жастағы анасына коронавирус жұқтырған

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз