СҚО-да карантин кезінде ер азамат туған күнін саунада өткізбекші болған — Қазақстан жаңалықтары

0

Петропавл қаласында карантин кезінде жұмыс істеген саунаны анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

сауна

 

Қала тұрғындарының басым бөлігі үйлерінде оқшауланып отырғанда, Петропавлда екі кәсіпкер жексенбілік кешті саунада өткізбекші болған.

Осылайша олар телефон арқылы сауна иесімен келіскен. Алайда, полицейлер келіп, клиенттерінің демалысын тоқтатады. 1981 және 1985 жылы туған екі келушіге, сондай-ақ 43 жастағы иесіне қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 467-бабы (төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әкімшілік сот шешімімен олардың барлығына 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

“Мұндай рейдтік тексерістер жеке мақсатты көздемейді, тек азаматтардың тиісті деңгейде оқшаулануын қамтамасыз ету құралы болып табылады. Карантин талаптарын қатаң сақтау- халық денсаулығын сақтау үшін міндетті шарт”, — – дейді қалалық ПД басшысының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.

Солтүстік Қазақстан облысында ҚР ӘҚтК 476-бабы бойынша 634 хаттама толтырылды. 29 көңіл көтеру орындарының, 27 сауда орнының иесі жауапқа тартылды. Сондай-ақ тағы 8 адам карантиндік оқшаулау орнынан шығып кеткен.
 

stan.kz