СҚО-да халық саны азайып барады – «көші-қон апаты» туралы білесіз бе

0

Соңғы алты айда Солтүстік Қазақстан облысынан 4,2 мың адам көшіп кеткен.

Петропавловск.news сайтының мәліметінше, 2021 жылдың алғашқы алты айында 2 339 адам  Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны атанған. Ал, сыртқа кеткендердің саны одан көп — 4 236 адам. Бұл 2020 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2,5 пайызға артық.

СҚО-дан сыртқа кететіндер ТМД елдерін, соның ішінде негізінен Ресейді таңдаған. Тиісінше қоныс аударушылардың 88,9 пайызы да Ресей Федерациясынан.

Сондай-ақ, биылғы жарты жылда теріскейден 94 адам әлемнің басқа елдеріне көшіп кеткен. Олардың ішінде Польша мен Германиядан тұрақты мекен-жай тапқандардың үлесі басым.

Ал басқа мемлекеттен келгендердің саны небәрі 16 адам.