СҚО-да дәнді дақылдардан түскен табыс 61 млрд теңгеге ұлғайды

0
27 Қараша 2018, 17:11 246 0

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған брифингте облыс әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді.

«Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қысқа мерзімдік экономикалық индикатор оң өсім көрсетіп, 10,34% құрады. Сала бойынша тоқталсам, үйлерді пайдалануға беру 12,8%, ауыл шаруашылығы 1,9%, өнеркәсіп өндірісі 7%, құрылыс жұмыстары 11,8%, бөлшек сауда 0,6%, көлік 4,4%, байланыс 7% өсті», — деді облыс басшысы.

Құмар Ақсақалов өнеркәсіп саласы облыс экономикасын ілгерілететін негізгі сала болып отырғанын, осы орайда, өнеркәсіпке 64 млрд теңге инвестиция тартылғанын айтты.

«Жыл сайын еліміздегі астық өнімдерінің 30% және майлы дақылдардың 40% астамы біздің облыста өндіріледі. Биыл 19 центнерден өнім алынып, 5,3 млн тонна астық жиналды. Жалпы, бір жылдың ішінде дәнді дақылдардан түскен табыс 61 млрд теңгеге ұлғайды», — деген Ақсақалов майлы дақылдардан түскен түсім 25 млрд теңгеге артқанын айтты.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ