СҚО-да бес жасар бала коронавирус жұқтырып алды — Қазақстан жаңалықтары

0

Солтүстік Қазақстан облысында 2015 жылы туған бала Covid-19 індетін жұқтырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

«2015 жылы туған бала Петропавл қаласында тұрады. Бала әкесімен бірге провизорлық стационарда болған, ол байланысқандар қатарында болған», — деді облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Екатерина Белоусова.

Оның сөзінше, карантиннен шығарар алдында жасалған талдау оң нәтиже берген. Қазір бүлдіршін Петропавл қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды.

 

stan.kz