СҚО-да аязды күні бұзылған автобустан 69 адам құтқарылды — новости Казахстана

0

Cолтүстік Қазақстанда полицейлер аязды күні бұзылған автобустан 69 жолаушыны құтқарып қалды. Бұл туралы СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: tolknews.ru

Көрнекі фото: tolknews.ru

Түркістан облысынан Екатеринбург қаласына бара жатқан «VAN HOOL» автобусы жол бойында бұзылып қалған. Ол уақытта қоғамдық көлікте 54 Тәжікстан және Өзбекстан азаматы болған. Олардың үстіндегі киімдері жұқа болған екен.

Автобусқа жол бойында қызмет атқарып тұрған патрульді полиция қызметкерлері көмектескен. Төтенше жағдайды көрген олар техникалық қызмет көрсететін шеберлер мен қажетті құралдарды тауыпты.

Қоғамдық көлікті жөндеу уақытында барлық жолаушылар арнайы жалданған үйге түнеуге жіберілген.

Ал жолда қалған автобусты үш көлік патрулі кезекпен бақылаған.

Жөндеу жұмыстары аяқталған соң автобус өз бағытына кеткен.

Оған қоса, полицейлер түнгі уақытта бұзылып қалған «Scania» көлігінің жүргізушісіне де көмектесті. Ол уақытта салонда 15 адам, оның ішінде сегіз бала болған.

Кәмелетке толмаған жолаушылар аудан орталығына жіберіліп, қонақүйге жатқызылған.

Дереккөз: kaz.nur.kz