СҚО-да 20 жастағы жігіт ауылдасының итін сойып жеген

0
118
Сурет: birgl

Солтүстік Қазақстан облысында ер адам ауылдасының байлаулы итін ұрлап әкетіп, сойып жеген деп хабарлайды Қазақпарат.

Өңірдің полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Тоқшын елді мекенінің тұрғыны тәртіп сақшыларына хабарласып, біреудің түнде итін ұрлап кеткенін айтқан. Әйелдің айтуынша, неміс овчаркасы үйдің қасындағы темір шынжырда байлаулы болған. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне «Ұрлық» бабы бойынша енгізілгені белгілі болды.

Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ер адам аталған елді мекеннің бұрын сотталған 2001 жылғы тұрғыны болып шыққан. Ол итті сойып жеу үшін ұрлаған. Күдіктіге ешқайда кетпеу жөніндегі шара қолданылды. Қазіргі уақытта осы іске байланысты бірқатар тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Нәтижесіне қарай процессуалдық шешім қабылданады.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіде көзі жарақаттанған иттің видеосы тарады. Кадрлар Шымкентте түсірілген болып шықты. Шымкент полиция департаменті баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне аталған факті бойынша тергеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді.

«2021 жылдың 15 ақпанында Абай ауданы полиция басқармасы қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 316-бабы 1-бөлігі бойынша сот алды тергеу жұмыстарын бастады», — деді полиция департаментінде.

Қазір жараланған ит қалалық ветеринарлық клиникалардың бірінде.

«Қазір ит иесінің тұлғасы мен куәгерлерді анықтауға бағытталған шаралар ұйымдастырылып жатыр», — деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласында былтыр қыркүйекте хайуанаттарды уақытша ұстайтын изоляторда төрт иттің жыныстық сипаттағы азап көргені анықталған еді. Алайда иттерге қорлық көрсеткендерді полиция әлі таппай жатыр.