«СҚ-Фармацияны» Берік Шәріп басқарады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ол 2018 жылдың мамыр айында компания басқармасы төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалып, бірінші басшының міндетін атқарып келген  

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес Берік Шәріп «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды.  

Ол 2018 жылдың мамыр айынан бастап компания басқармасы төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалып, «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарып келді.

Берік Шәріптің өмірбаяны

Берік Шәріп 1980 жылы туған. 2004 жылы Қазақ мемлекеттік медициналық академиясын емдеу ісі, дәрігер-хирург мамандығы бойынша бітіріп шықты.

2009 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінде «Экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығы бойынша заңтану бакалавры дәрежесін алды.

2012 жылы Халықаралық бизнес академиясында іскерлік әкімшілік магистрі, MBA дәрежесін алды.

Оқи отырыңыз: Елжан Біртановтың орнына Болат Жәмішев келді

Еңбек жолын Астана қаласы бойынша қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының көшпелі бригадасының фельдшері ретінде бастаған. Содан кейін Астана қаласының бірінші қалалық ауруханасының хирургия бөлімшесінің, ЖИТС-пен күрес орталығының дәрігері болды.

2009 жылдан 2012 жылға дейін – «СҚ – Фармация» ЖШС басқарушы директоры-басқарма мүшесі.

2012 жылдан 2017 жылға дейін – «Қазақстан президенті іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК стратегиялық даму жөніндегі бас дәрігердің орынбасары міндеттерін атқарды.

2017 жылдың тамыз айынан бастап 2018 жылдың мамыр айына дейін Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.



sputniknews.kz