SputnikPro журналистер үшін онлайн-маусым ашты
Қысқа сілтеме алу
SputnikPro жобасы жұмысын біршама өзгертті. Ол пандемия кезінде бірнеше елдің журналистеріне тиімді қызмет етіп, аудиториямен интерактивті қарым-қатынас орнатуға әрі бірлесе тікелей дәріс жүргізуге мүмкіндік береді
НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. SputnikPro онлайн-семинарында бас қосқан алыс-жақын шет мемлекеттердің журналистері «Келесі жұмада кездескенше» деп бір-біріне хат жазысып жатыр. Ал семинар басталуға бес минут қалғанда әр елдегі ауа райы сөз болады. Гюмри мен Бішкек, Баку мен Тирасполь, Цхинваль мен Таллин, Киев пен Тбилисидегі журналистер өз қаласындағы ауа райы туралы айтады. Олардың бәрі SputnikPro вебинарына үйден қосылады.
©
Sputnik / Владимир Умикашвили
Әлеуметтік журналистикаға арналған шеберлік сағаты
SputnikPro журналистерге арналған семинарлар мен шеберлік сабағының бірегей жобасы үш жылдан бері жұмыс істеп келеді.
БАҚ өкілдерінің біліктілігін арттыруға бағытталған орыс тілді семинарлар айына бірнеше рет көрші елдердің астаналарында ұйымдастырылды.
Ресейлік ең үздік журналистер мен медиаменеджерлер, сарапшылар екі-үш күн ішінде қарқынды сабақтар мен стратегиялық сессиялар өткізіп, пікір алмасу арқылы жаңа жобаларды табуға көмектеседі. Бүгінде Sputnik халықаралық ақпарат агенттігінің салалас хаб кеңістігінде бәсекелесті жоқ. Сондықтан да, тек кәсіби мамандар бас қосатын аймаққа айналып отыр.
©
Sputnik / Скриншот страницы вебинара SputnikPro / Айгуль Султанова
Елена Глушакова өткізген вебинар
2019 жылы SputnikPro 80-ге жуық семинар өткізіп, таяу шетелдегі кәсіби журналистік шеберлікті дамытудың ең үлкен бағдарламасына айналды. Әр елдің ерекшелігіне бейімделген бағдарламалар мен тақырыптар да жаңашыл бағытта дамып «классикалық» үлгіге айналды. Ең бастысы, ішкі саясатқа араласпауға көңіл бөлінді.
SputnikPro бағдарламасының тағы бір ерекшелігі – төлем жасамау немесе пара бермеу. Бұл жерде барлығы да шынайы: сіз білім үшін төлемейсіз, ал біз кәсіби тәжірибе алмасу мен өзара тиімділік үшін төлемейміз. Көбінесе жергілікті жердегі ең жақсы журналистер бос лауазымдарға орналасу байқауына қатысып, халықаралық агенттіктің командасына қабылданды.
Скрин видео вебинара SputnikPro
БАҚ өкілдерімен өткен SputnikPro вебинары, спикер ria.ru сайты редакциясының бөлім басшысы Андрей Станавовтың вебинары
SputnikPro ерекше бейресми кәсіби клубқа айналды. Кейде журналистер басқа елдерден, мысалы Латвиядан немесе Литвадан Таллиндегі семинарларға келеді.
Бағдарламаға пандемия өз әсерін тигізді. Ақпан айында Молдова мен Тәжікстанда модульдер өте жоғары деңгейде белсенді өтті және ол осы індетке дейінгі соңғысы болды.
Дағдарыс әдеттегідей жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Наурыздың ортасында мәскеулік топ жаңа жоба – бір уақытта барлық елдердің қатысушылары үшін ашық «SputnikPro онлайн-маусымын» іске қосты.
©
Sputnik / Владимир Умикашвили
Тбилиси қаласында өткен шеберлік сағаты
Вебинар режимде сарапшылар журналистермен коронавирус туралы деректердң бөлісіп, термин сөздерден қалай жаңылыспау керектігін және ақпаратты тексеру әдісін, жаңалықтар ресурсында трафикті қалай алуға болатынын баяндайды. Осындай шаралардың нәтижесінде, түрлі елдің журналистері үшін, тіпті жергілікті жердегі жаңалықтар күнтізбесіне қатысты болса да, көптеген ортақ мәселелер мен сұрақтар бар екені айқындалды. Интернет-маусым осы уақытқа дейін бағдарламаға қатыса алмағандарға да мысалы, Украинадан келген тілшілерге қолжетімді болды.
«Бірінші вебинар коронавируспен күрес және инфодемияға арналды, яғни вирус төңірегіндегі жалған ақпарат пен дүрбелең мәселесі талқыланды. Бұл тақырып Беларуссияда кәсіби журналистерге ғана емес, Instagram, Telegram сияқты желілер мен басқа да ақпараттық платформаларда жұмыс істейтін адамдарға да қызық болды», – деді «Белоруссия журналистер одағының» басқарма төрағасы Андрей Кривошеев.
SputnikPro вебинары оннан астам елден жүздеген журналист пен блогер және баспасөз қызметкерінің басын қосты. Олар мұндай форматтың салмақты семинар әрі бейресми байланыстың идеалы болғанын айтады.
Жобаға деген қызығушылық жоғары болғандықтан, жетекшілер жақын шетелдегі қатысушылар санын шектемей, Ресей аймақтарынан келген журналистерге бірнеше семинарға тіркелуге рұқсат берді.
sputniknews.kz