Спутник үлкен мұз кратердің суретін жариялады – Ғылым-Бiлiм

0
91

Еуропаның ғарыш агенттігі Марстағы мұз толған кратердің суретін жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Суретте үлкен дақ немесе қар тұрған сияқты. Алайда бұл олай емес, суретте Марстағы Королевтің кратері бейнеленген», – делінген агенттіктің хабарламасында.

Кратерге белгілі зымыран құрастырушы Сергей Королевтің есімі берілген. Кратердің тереңдігі – 1,8 шақырым, диаметрі – 60 шақырым. Кратердегі ауа төмен түсіп, мұздың еруіне жол бермейді екен.

Бұл сурет Mars Express спутнигінің көмегімен түсірілген. Ол спутник 2003 жылы 3 маусымда ұшырылып, Марсқа алты айдан соң жеткен еді.


© esa.int


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz