Спутник үлкен мұз кратердің суретін жариялады — Ғылым-Бiлiм
Еуропаның ғарыш агенттігі Марстағы мұз толған кратердің суретін жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Суретте үлкен дақ немесе қар тұрған сияқты. Алайда бұл олай емес, суретте Марстағы Королевтің кратері бейнеленген», — делінген агенттіктің хабарламасында.
Кратерге белгілі зымыран құрастырушы Сергей Королевтің есімі берілген. Кратердің тереңдігі — 1,8 шақырым, диаметрі — 60 шақырым. Кратердегі ауа төмен түсіп, мұздың еруіне жол бермейді екен.
Бұл сурет Mars Express спутнигінің көмегімен түсірілген. Ол спутник 2003 жылы 3 маусымда ұшырылып, Марсқа алты айдан соң жеткен еді.
© esa.int
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz