Sputnik тілшісі Қазақстан журналистері одағының жүлдесін иеленді

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстан журналистерінің кәіби мерекесі қарсаңында республикалық конкурс қорытындыланды

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Sputnik Қазақстан тілшісі Александр Мироглов 2019 жылғы үздіктердің Қазақстан журналистері одағының жүлдесін иеленді.

Конкурс Қазақстан журналистер одағының 60 жылдығы мен Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орайластырылды. Александр Мироглов «Журналистік зерттеу» номинациясында жеңіске жетті. Қазылар алқасы оның қоғам назарын аударған қылмыстық істер туралы жазған мақалаларына жоғары баға берді.


©
Sputnik / Тимур Батыршин

Sputnik Қазақстан тілшісі Александр Мироглов

Қазақстан журналистері одағының төрағасы Сейітқазы Матаев биыл байқауға қатысушылардың саны екі есе артқанын атап өтті.

«Жеңімпаздарды анықтау кезінде комиссия мүшелері журналистердің қай тілде жазатынына, олардың стильдік ерекшеліктері мен жазу шеберліктеріне, қоғамдағы өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларды және тағы басқа мәселелерді қалай көтергеніне баса мән берді», — дейді ол.

Жалпы одақ жүлдесі 10 журналиске табысталды.

«Экономикалық шолу» номинациясы «Егемен Қазақстан» газетінің Маңғыстау облысындағы тілшісі Гүлайым Шынтемірқызына, «Ізденіс материалы» жүлдесі «Ақ Жайық» газетінің тілшісі Фархат Әбіловке, «Тілші қызметі» номинациясы бойынша жүлде Informburo.kz журналисі Евгения Бодроваға, «Телевизиялық жұмыс» номинациясы «Алау» телеарнасының журналисі Татьяна Морозға, «Саяси шолу» номинациясының жүлдесі Азаттық радиосының тілшісі Асылхан Мамашұлына берілді.

Сонымен қатар «Зерттеу еңбегі» жүлдесі – «Қазақ үні» газеті бас редакторының орынбасары Зейнолла Абажанға, «Ғылыми-танымдық еңбек» номинациясы  «Курсив» тілшісі Ирина Осиповаға, «Фотоеңбек» сыйлығы – «Қостанай жаңалықтары» газетінің фототілшісі Константин Вишниченко, «Интернет-жоба» жүлдесі Vlast.kz интернет-журналының бас директоры Вячеслав Абрамовға бұйырды.

Журналистер одағы мен «Ақ Жайық» газетінің Әбділдә Мұқашев атындағы бірлескен жүлдесі «Уральская неделя» газетінің бас редакторы Лұқпан Ахмедияровке табысталды.

Сондай-ақ фототілші Рахымбай Ханәлі атындағы арнаулы сыйлықты Қазақстан қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің фототілшісі Думан Құрманғалиев алды.

Журналистерді марапаттау рәсімі 26 маусым күні өтеді.

Айта кетейік, биыл Қазақстанда байланыс және ақпарат қызметкерлері күні 28 маусымда мерекеленеді.



sputniknews.kz