Sputnik қызметін уақытша тоқтату – цензура

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

ETV+ телеарнасының пікірталас бағдарламасында Sputnik Эстония төңірегінде қалыптасқан жағдай талқыланды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар — Sputnik. ETV+ эстониялық қоғамдық-құқықтық телеарнасында Sputnik Эстония агенттігіне қатысты санкцияларға арналған пікірталас бағдарламасын көрген телекөрермендер редакция төңірегінде қалыптасқан жағдайды цензура деп есептейтінін жеткізді.

Бірінші қаңтардан бастап редакция қызметкерлері қылмыстық қудалау туралы қоқан-лоқыдан кейін Sputnik Эстония мен «Россия сегодня» халықаралық ақпарат агенттігімен еңбек қатынастарын тоқтатуға мәжбүр болды. Қалыптасқан жағдайды талқылау үшін ETV+ орыстілді телеарнасына басылым басшысы Елена Черышев, Sputnik агенттігінің бұрынғы қызметкері Александр Лукьянов, евродепутат бюро кеңесшісі Яны Тоом мен RusDelfi бұрынғы редакторы Маргарита Корнышева шақырылды.

Ал қарсы пікір білдіруші ретінде Тарихи естелік институтының қызметкері, заңгер Сергей Метлев, стратегиялық коммуникация жөніндегі сарапшы Ильмар Рааг, Қауіпсіздік және қорғаныс туралы ақпарат орталығының басшысы Григорий Сенькив қатысып, сөз сөйледі.

«Журналистерге қарсы бағытталған саяси және экономикалық санкциялар – цензура. Эстонияда цензураға тайым салынған. Sputnik Эстония – «Россия сегодня» ресейлік ақпарат агенттігінің құрамына кіретін бұқаралық ақпарат құралы. Оған ешқандай санкциялар салынбаған», — деп өз ұстанымын білдірді Елена Черышева.

Ал Тарихи естелік институтының қызметкері Сергей Метлев агенттік қызметкерлерін журналист деп есептемейтінін айтты. Стратегиялық коммуникацияны үйлестірген және жалған ақпараттың таралуына кедергі келтірген Ильмар Рааг болса, порталдың жабылуымен келіспейтінін айтты.

«Оларды бәрібір Эстонияда өте аз адам оқитын, және де, меніңше, оларға бұрынғыдай жұмыс істеуге болар еді», — деп мәлімдеді Ильмар Рааг.

Бағдарлама барысында қос тарап пікірталасы қызу өтті. Sputnik-тің қоғамда түсініспеушілік пен шиеленіс тудыратын бір жақты әрі жалған мәлімет тарататыны жайлы айтылды. Ал ресейлік бұқаралық ақпарат құралы Эстония тарапынан ресми ақпарат берілмейтінін жеткізді.

Пікірталас соңында тікеелй эфир кезінде жүргізілген екі сауалнама мәліметтері жарияланды. Оған сәйкес, Sputnik Эстония қызметін уақытша тоқтатуды телефон арқылы хабарласқан көрермендердің 90%-і, Facebook әлеуметтік желісінде дауыс берген пайдаланушылардың 57%-і цензура деп атаған.

 



sputniknews.kz