Sputnik Қазақстан театр жобасы үшін құрмет дипломын алды

0

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында журналистерді Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады

АЛМАТЫ, 25 маусым — Sputnik. Сейсенбі, 25 маусымда Алматыда Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтті.

Кездесу барысында университет ректоры Асхат Маемиров мәдениет және өнер жайында жазатын жетекші журналистерге құрмет дипломдарын табыстады. Sputnik Қазақстан  шығармашылық ұжымына «Қазақстан театрлары» жобасы үшін диплом берілді.


©
Sputnik / Тимур Батыршин

БАҚ өкілдерін марапаттау шарасы (Sputnik-тен Анна Платонова)

«Сіздер Қазақстанның театр өнерін дамытуға бағытталған ерекше жобаны жүзеге асырып жатырсыздар. Еңбектеріңізге алғыс айтамыз», — деген Маемиров Sputnik Қазақстан тілшісіне награданы тапсырды.


©
Sputnik / Тимур Батыршин

Sputnik театр жобасы үшін алғыс хат

Іс-шара аясында ынтымақтастықты нығайту мақсатында университет пен журналистер арасында меморандумға қол қойылды.

  • БАҚ өкілдерін марапаттау шарасы

    БАҚ өкілдерін марапаттау шарасы


    ©
    Sputnik / Тимур Батыршин

  • БАҚ өкілдерін марапаттау шарасы

    БАҚ өкілдерін марапаттау шарасы


    ©
    Sputnik / Тимур Батыршин

  • БАҚ өкілдерін марапаттау шарасы

    БАҚ өкілдерін марапаттау шарасы


    ©
    Sputnik / Тимур Батыршин

  • БАҚ өкілдерін марапаттау шарасы

    БАҚ өкілдерін марапаттау шарасы


    ©
    Sputnik / Тимур Батыршин

1 / 4


©
Sputnik / Тимур Батыршин

БАҚ өкілдерін марапаттау шарасы

«Қазақстан театрлары» жобасы Қазақстандағы жастар жылы мен Ресейдегі театр жылына арналды. Оның тұсаукесері 27 наурызда Халықаралық театр күнінде өтті. Sputnik Қазақстан тілшілері жоба аясында өмірін театр өнеріне арнаған жастар – актерлер, гримерлер, сценарий жазушылар, режиссерлер және сахна қызметкерлері жайлы әңгімелейді.

Жобаның басты мақсаты – оқырмандарды республикамыздағы әрбір театрмен интерактивті түрде таныстыру.  Пайдалануға ыңғайлы болу үшін театрлардың интерактивті гид-картасы жасалды, оның көмегімен елдегі 63 театрдың тарихын біле аласыз.



sputniknews.kz