Sputnik Қазақстан командасы Astana Marathon 2019 марафонында жүгірді – фото

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Биыл жүгіруге Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов пен бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев қатысты 

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек — Sputnik. Sputnik Қазақстан командасы Astana Marathon 2019 аясында он километрлік қашықтықты жүгіріп өтті. Елордадағы ауқымды марафонға 24 елден бес мыңнан астам адам қатысты.  

Жексенбі күні таңертең кәсіпқойлар мен әуесқойлар Astana Marathon басталатын орынға жиналды.


©
Sputnik / Владислав Воднев

Алтай Көлгінов пен Серік Сәпиев марафон кезінде

Олардың қатарында Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, сондай-ақ Sputnik Қазақстан командасы: Юлия Кузнецова, Дәурен Ерболатов, Абзал Қалиев және Марғұлан Мұқанов болды.


©
Sputnik / Владислав Воднев

Sputnik агенттігінің қызметкерлері: Абзал Қалиев, Юлия Кузнецова мен Дәурен Ерболатов

«Биыл екі қашықтық болды: 42 шақырым 195 метр және он шақырым. Біз «ондыққа» жүгірдік. Менің сағатым бойынша, қашықтықты 52 минут 36 секундта жүгірдім. Қашықтық еш қиындық тудырмады, жол жақсы және ауа-райы тамаша! Марафонның ұйымдастырылуы ұнады. Көп адам түсінбеуі мүмкін, бірақ біз үшін, желаяқтар үшін бұл үлкен мереке!»,- деп атап өтті Юлия Кузнецова.

Дәурен Ерболатов он шақырымдық қашықтыққа алғаш рет жүгірді. Ол Astana Marathon-ға жаз бойы дайындалыпты.   


©
Sputnik / Владислав Воднев

Sputnik агенттігінің қызметкерлері: Абзал Қалиев пен Дәурен Ерболатов

«Менің нәтижем – шамамен бір сағат он минут. Оны орташа деп бағалаймын. Мен үшін бұл үлкен жетістік, жаз бойы дайындалдым, аптасына екі реттен екі-төрт шақырымға жүгірдім. Соңғы жаттығуда 13 шақырымды бір сағат 17 минутта жүгіріп өттім. Сегізінші километрде ентігіп қалдым, бір минут демалып алуға тура келді», — деп атап өтті Sputnik Қазақстан тілшісі.


©
Sputnik / Владислав Воднев

Sputnik агенттігінің қызметкері Марғұлан Мұқанов

Марафонға қатысушылардың арасында Өрмекші адам да болды.

Елордадағы марафон күні кейбір көшелерде көлік қозғалысы тоқтатылып, 56-автобустың бағдары өзгертілді.


©
Sputnik / Владислав Воднев

Astana Marathon-ға бес мыңнан астам адам қатысты

Қайырымдылық жасауды көздейтін Astana Marathon 2009 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде әртүрлі қазақстандық қайырымдылық ұйымдары үшін жалпы сомасы 37 миллион теңгеден (97 мың доллар) астам қаржы жиналды.
 



sputniknews.kz