Sputnik Estonia журналистері қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

0

Редакция қызметкерлері жылдың соңына дейін Sputnik-тен кетпесе, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалады деп ескерткен

НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан – Sputnik. Эстония билігі Sputnik Estonia қызметкерлеріне ескерту жасады, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

«Sputnik Estonia қызметкерлері полиция және шекара күзету департаменті басшылығынан хат алған. Онда редакция қызметкерлері 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін «Россия сегодня» халықаралық ақпарат агенттігімен еңбек келісімшартын бұзбаса, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екені жазылған. Билік мұндай қадамға бару себебін 2014 жылдың 17 наурызында Украинада болған жағдайға қатысты бірқатар жеке және заңды тұлғаларға Еуропалық одақ қабылдаған санкцилар себеп болғанын айтады», — дейді «Россия сегодня» ХАА-ның баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Россия сегодня» ХАА Еуропалық одақтың санкциялар тізімінде жоқ.

«Біз Эстония билігінің бұл әрекетін бассыздық деп санап, БҰҰ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ), Еуропалық кеңес, ЮНЕСКО, Адам құқығы жөніндегі еуропалық сот сынды халықаралық ұйымдарға шағым түсіреміз. Біз олардан сөз бостандығы шектеліп отырған осы жағдайға баға беруді талап етіп, журналистердің кәсіби қызметін атқару құқығын қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қабылдауды сұраймыз», — деп атап өтті агенттік.

«Сонымен қатар соңғы айларда Sputnik Estonia қызметкерлерін күштік құрылымдар бірнеше рет «профилактикалық» мазмұндағы әңгімеге шақырған. Кездесу барысында оларға агенттіктен жұмыстан кетуге кеңес берген», — делінген хабарламада.

Агенттік Sputnik Estonia қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы үшін қолдан келген көмекті аямайтынын мәлімдеді.



sputniknews.kz