«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директоры мен орынбасарына қатысты тергеу аяқталды

0

Олар бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директорына қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Антикор мәлім етті, деп хабарлайды Kznews.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директоры мен оның орынбасарына қатысты тергеуді аяқтады.

«Олар кәсіпкерлік субъектілерімен бірлесіп, спорт жабдықтарын сатып алуға, сондай-ақ туроператорлармен жоғары құны бойынша шарттар жасасу арқылы 584 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде. Сонымен қатар, кәсіпорын директоры жеке компанияның директоры бола тұра, 2021 жылы Батыс Қазақстан облысында футбол мен допты хоккейді дамытуға бөлінген 161,9 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырған», — деп хабарлады Антикордан.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.