Спортшылар 42 500 теңге төлем ала ма – министр жауабы

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Райымқұлова төтенше жағдай кезінде мәдениет және спорт министрлігіне қарасты барлық ұйым қызметкерінің жалақысы сақталғанын атап өтті

АЛМАТЫ, 2 сәуір – Sputnik. Министр Ақтоты Райымқұлова мәдениет және спорт өкілдерінің 42 500 теңге  төлемді алуға мүмкіндігі бар екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Қазір үкімет отандастарымызды қолдау үшін бұрын-соңды болмаған қаржылық көмек көрсетіп жатыр. Әрине, мемлекеттік комиссияның төтенше жағдайға байланысты хаттамасында бекітілген заңнамалық шарттар шеңберінде мәдениет және спорт өкілдері 42 500 теңге көлеміндегі көмекті ала алады», – деді министр брифингте.

Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде мәдениет және спорт министрлігіне қарасты барлық ұйым қызметкерінің жалақысы сақталды.

«Бүгінгі таңда спорт саласында атқарған ісіне қарай жалақы алатындар бар. Қандай да бір марапатқа ие болған немесе спорттық жарыстарда жетістікке жеткен жағдайда, әрине, қосымша қаржылық көмек көрсету қарастырылған. Ал қазір мәдениет және спорт министрлігінің барлық өкілі қашықтан жұмыс істеу режиміне ауысқанына қарамастан базалық жалақысын сақтап қалғанын тағы да атап өткім келеді», – деді Райымқұлова.

Тағы оқыңыз: Мамин 42 500 теңгені қанша миллион қазақстандық алатынын айтты



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз