Спортшы жойқын нокауттан көз жұмды
Қысқа сілтеме алу
Оқиға Бразилияның Манаус қаласындағы аралас жекпе-жек турнирі кезінде болған
НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Аралас стильдегі MMA жекпе-жегінде жойқын нокаутқа түскен Матеуш Фернандеш бірнеше сағаттан соң көз жұмды, деп хабарлайды MMA Fighting.
22 жастағы спортшы жекпе-жегі Remulus Eight турнирін ашқан болатын. Фернандештің қарсыласы бірнеше жойқын соққы жасап, нокаутқа жіберген. Алайда ол төреші жекпе-жекті тоқтатпас бұрын тағы соққы жасап үлгерген.
Жекпе-жектен кейін Фернандеш ауруханаға жеткізілді. Бірақ дәрігерлер оны аман алып қала алмаған. Спортшының жүрегі тоқтап қалды.
MMA Fighting-тің хабарлауынша, спортшы алған соққыдан емес, есірткіден қайтыс болған. Фернандеш есірткіге тәуелділерге көмек көрсететін бағдарлама бойынша емделіпті.
sputniknews.kz