Спикер Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің пленарлық отырысы басталды
Жиында «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» заңы қаралып, оған өзгерістер енгізу қарастырылмақ.
Мәжілісте спикер Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен пленарлы отырыс басталды. Жиында депутаттар бірқатар мәселелерді талқыламақ, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отырыс барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестицияларды тарту, экспортты дамыту және ілгерілету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қарастырылатын болады.
Депутаттар бұдан бөлек «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы талқыламақ.
«2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірленбек.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz