Спикер Мәскеуді сайлауға ықпал етпек болды деп айыптады

0

Молдова парламентінің спикері, Демократиялық партия төрағасының жетекшісі Андриан Канду Ресейді сайлау қорытындысына ықпал етуге тырысты деп айыптаған. Ол бұл пікірін жексенбі күні дауыс беру учаскесіне келген кезде айтқан.

Оның айтуынша, сайлауға екі күн қалғанда Ресей ІІМ басқарушы Демократиялық партиясының төрағасы Влад Плахотнюкке қарсы қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеген. Бұдан бөлек, ресейшіл Молдова президенті Игорь Додон сайлау қарсаңында Ресеймен бірқатар келісім жасасқанын жеткізген. Канду мұның да саяси астары бар деп сенеді.

Бүгін Молдовада парламент сайлауы басталған. Полиция дерегінше, әзірге ешқандай оқыс оқиға тіркелмеген. Дауыс беру белсенділігі төрт жыл бұрын өткен сайлауға қарағанда жоғарылау. Сайлаушылардың қатысу көрсеткішін тікелей эфирден де бақылауға болады. Астана уақыты бойынша күндізгі сағат 16.30-ға дейін сайлаушылардың 24 пайыздан астамы дауыс беріп үлгерген. Сайлау учаскелері түнгі сағат онда жабылады.

Молдова парламентіндегі 101 орынға 14 партия және бір блок таласып жатыр. Сайлау алғаш рет аралас сайлау жүйесі бойынша өтіп отыр яғни, 50 депутат – партиялық тізім бойынша, 51 депутат жеке сайлау округтерінде сайланады. Сайлау учаскелеріне алғаш рет камералар орнатылған.

Бұған дейін әлеуметтік сауалнама нәтижесі парламентке негізінен үш партия өтуі мүмкін екенін көрсеткен: ресейшіл Социалистер партиясы (20 пайыз), Еуропамен байланысты нығайтуды көздейтін оппозициялық ACUM («Қазір») блогы және олигарх Влад Плахотнюктің басқарушы Демократиялық партиясы (9 пайыз).

Билік тарабынан қысым көріп отырғанына шағымданған батысшыл оппозиция өкілдері сайлауда құқықбұзушылықтар тіркелсе, қарсылық акциясын өткіземіз деп мәлімдеген.

Азаттық

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз