SpaceX жаһандық интернеттің 60 жерсерігін ұшырды — Қазақстан жаңалықтары

0

Falcon 9 зымыран тасығышы Starlink жаһандық интернетінің қосымша 60 жерсерігін Жер орбитасына шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 SpaceX

Компанияның YouTube каналында ұшыру кезінде түсірілген бейнені көруге болады.

4 маусымда Флорида штатындағы Канаверал мүйісінен жерсеріктер тобы бар зымыран ұшырылды. Кейін SpaceX жер маңындағы орбитада 60 спутникті сәтті орналастырғанын және Falcon 9 Тынық мұхиттағы жүзбелі платформаға қайтып оралғанын растады.

Ғаламторды тарату үшін орбитаға жіберілген ғарыш аппараттарының арасында SpaceX күңгірт панельдері бар сынақ спутнигін ұшырды. Бұл жүйе спутниктің корпусынан күн сәулесінің шағылысуын болдырмауы керек, соның ішінде жарқыл ғылыми бақылауларға кедергі жасамауы қажет. Осындай панельдер болашақ жеткізілімдердегі әрбір Starlink спутнигінде пайда болуы мүмкін.

Осылайша, орбитадағы жерсеріктердің жалпы саны 480 бірлікті құрады. SpaceX Falcon 9 зымыранын бір аптада екінші рет ұшырды, 30 мамырда ХҒС-қа екі астронавты бар Crew Dragon ғарыш кемесін жіберді.

Бұған дейінгі жерсеріктерін ұшыру 16 наурыз күні болуы керек еді, бірақ SpaceX ұшыруды тоқтатты. Корпорация бұл ақаулықты жүйелік қателікпен қозғалтқыштың қуатын тексеру кезінде деректердің келіп түсуі арасындағы үзіліске байланысты автоматты іркіліспен түсіндірді.

stan.kz