SpaceX ғарышқа екі қазақстандық жерсерігін ұшырды
Астана, BAQ.KZ. Бүгін 4 желтоқсанда Астана уақыты бойынша 00:32-де ғылыми-технологиялық мақсаттағы қазақстандық екі ғарыш аппараты (ҒТМ ҒА) ғарыш жүйелері — «KazSTSat» микроспутнигі мен «KazSciSat-1» наноспутнигі «Falcon 9» тасымалдағыш зымыранымен Вандерберг (АҚШ, Калифорния) ғарыш айлағынан ұшырылды.
Ұшырылым штаттық режимде өтті, деп жазды Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.
ҒТМ ҒА мақсаты – жобалау технологияларын жетілдіру, жинау және төменгі орбиталы ғарыш аппараттарын сынау, Жер ионосфераларына ғылыми зерттеу жүргізу, технологиялық жүктемелер (меншікті әзірлемелердің қосалқы жүйелері) үшін ұшу тарихын алу.
Алғаш рет ғарыш аппараттарын құруға ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитетінің қарамағындағы «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК» «Ғалам» ЖШС мен ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитетінің қарамғындағы «Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар Ұлттық орталығы» Ғарыштық техникалар мен технологиялар институты қатысты.
Анықтама:
Технологиялық мақсаттағы ғарыштық аппарат:
- белсенді өмір сүру уақыты – 1жылдан кем емес;
- мультиспектралді режимдегі кеңістік рұқсаттамасы – 17,5 м;
- мультиспектралді каналдар – 3;
- массасы – 107 кг;
- қармау алабы – 250 км кем емес;
- бірдей нүктелерді түсірілім жасау жиілігі – 5-7 күн;
- орбита биіктігі – 570 км.
Ғылыми мақсаттағы ғарыштық аппарат:
- белсенді өмір сүру уақыт – 3айдан кем емес;
- ҒМ ҒА платформасы CubeSAT технологиялар базасында дайындалды
- тиімді жүктеме – Феррозондты магнитометр;
- мақсаты – ЖМП-ға табиғи және техногенді әсерін анықтау мақсатында Жердің магниттік қабатын (ЖМП) тұрақты түрде өлшеу;
- массасы – 5 кг;
орбита биіктігі – 570 км.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ