«Сөздеріңіз әдемі өлең сияқты»: депутат министрді мақтады

0

Депутат Бақытжан Базарбек ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке мақтау айтты. Оқиға бүгін Парламенттің төменгі палатасының жалпы отырысында болды, — деп хабарлайды Kznews.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек баяндама жасады. Мұнан соң депутаттар сұрақтар қоя бастады. Солардың бірі – мәжілісмен Бақытжан Базарбек. Ол сөзін Саясат Нұрбекті мақтаумен бастады.

«Ех, министрлеріміз де сіздей шешен болса, барлық сауалымызға жауап алар едік. Сізді тыңдап отырмыз, сөздеріңіз әдемі өлең сияқты», — деді депутат.