«Современник» театры Нұр-Сұлтанға жыл да келуі мүмкін

0

Режиссер Галина Волчектің «Вишневый сад» спектаклін астаналықтар 6-7 шілдеде тамашалай алады

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы төтенше әрі өкілетті елшісі Алексей Бородавкин «Современник» театрының Нұр-Сұлтан қаласына гастрольдік сапары дәстүрге айналады деп үміттенеді.

«Спектакльдеріңізді мұнда асыға күтіп, қуана қабылдайды. Ынтымақтастығымыз бен гастрольдік сапарларыңыз ортақ мәдени өмірімізде бір-ақ рет өтетін елеулі оқиға емес, әрі қарай жалғасын табады деп үміттенемін. Нұр-Сұлтан сахнасында сіздерді жыл сайын көргім келеді», — деді Бородавкин «Современник» театры ұжымын Ресейдің Қазақстандағы елшілігінде салтанатты қабылдау кезінде.

Ресейдің халық әртісі Сергей Гармаш та елшінің сөзін қолдап, «Современник» Қазақстан астанасымен қоштаспайды, «кездескенше» дейді» деп гастрольдік сапармен тағы келуге ниетін білдірді.


©
Sputnik / Абзал Калиев.

Ресейдің халық әртісі Сергей Гармаш елшіліктегі қабылдауда

«Ресейдің Қазақстандағы ынтымақтастық өкілдерімен, Алексей Николаевичпен гастрольдік сапарды дәстүрге айналдыру туралы сөйлестік. Солай болады деп ойлаймын. Сондықтан «Вишневый сад» спектаклінен кейін сіздермен қоштаспаймыз. Келесі жылды күтеміз», — деді ол.


©
Sputnik / Абзал Калиев.

Ресейдің Қазақстандағы елшілігінде «Современник» театры ұжымын қабылдау

«Современник» театрының Нұр-Сұлтан қаласына гастрольдерін Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ресейдің Қазақстандағы елшілігі, Ресейдің мәдениет және ғылым орталығы ұйымдастырды. Ал астаналықтар үшін репертуарды Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов таңдаған болатын.



sputniknews.kz


Тегтер:Нұр-Сұлтан