«Соттың шешімі орындалмайды!»: Жанболат Мамай Байбекке жауап берді

0
2172

15 маусымда Алматының Әуезов аудандық №2 сотында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен саяси белсенді Жанболат Мамай арасындағы дауға қатысты сот шешімі оқылды.

Сот Жанболат Мамайды шенеунік жайлы шығарған фильмді өшіруге міндеттеді. Судья Байбекті жемқорлық жасады деп айыптаған фильмдегі мәліметтер шындыққа жанаспайды деп тапты. Осылайша Байбектің «ар-намыс пен беделге нұқсан келтіру» бойынша сотқа түсірген шағымы толық қанағаттандырылды.

«Бауыржан, соттың шешімі – ол ешқандай да жеңіс емес сен үшін. Халықтың алдында сенің жемқор әрі ұры екеніңді толық дәлелдедік. Абыройыңнан айрылдың. Барлық былығың шықты. Соттың материалдарды өшіру туралы шешімі орындалмайды! Ол нағыз шындық!» деді қоғам белсендісі Жанболат Мамай.