«Сотталып кетеді деп ойламадым» – сүйіктісін 10 жылға соттатқан әйел жала жапқан болуы мүмкін (видео)

Ақтауда бірге тұратын ер адамнан зәбір көрдім деген әйелдің арызынан соң, күдікті 10 жылға сотталды.

0
326
The alcoholic husband beats his wife with his fist. Zhenzhina covers herself with her hands. Violence in family

Бірақ сот үкімі шыққан соң, арызданушы әйел өткен іске өкініп, «жала жаптым» деп өз кінәсін мойындаған. Алайда сот шешімі өзгеріссіз қалды. Бұл туралы AstanaTV хабарлады.

Сотталып кеткен ер адамның анасы Светлана Уналова арызданған әйел, яғни ұлының сүйіктісі полицейлерден қорыққаннан жала жапқан дейді.

«Екеуі тату-тәтті тұратын. Бір күні ұлым қол жұмсаған. Сүйіктісі арыз полицияға арыз жазған. Полицейлер ұрғаны үшін жаза жеңіл екенін, «зорлады» деп жаз деп айтқан. Қыз арызда «зорлады» деген сөзді жазғанына өкініп, шағымын кері қайтарғысы келген», – дейді Светлана Уналова.

Наурызда Ақтау қалалық соты ер адамға қатысты 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Жала жапқанына енді өкінген әйел құзырлы органдарға қайта шағымданбақ.