Сотталған алаяқ түрмеде отырып-ақ 500 адамды арбауына түсірген
Қысқа сілтеме алу
Алаяқтықпен айналысуға қолайлы жағдай жасағаны үшін бұрынғы түрме бастығы күдікке ілінді
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласындағы түзету мекемесінің бұрынғы бастығы лауазымдық өкiлеттiктерін асыра пайдаланғаны үшін күдікке ілінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
Ресми ақпаратқа сәйкес, Нұр-Сұлтандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаменті түзету мекемесінің бұрынғы бастығының заңсыз әрекетін анықтады. Ол өзінің лауазымдық өкiлеттiктерін асыра пайдаланып, сотталғандардың біріне жазаны өтеу үшін қолайлы жағдай жасаған.
«Бақылаудың болмауына байланысты сотталған ер адам алаяқтық жасап, ипотеканың бастапқы жарнасы ретінде ақшасын сеніп тапсырған 500-ден астам азаматтың 128 миллион теңгесін иемденген. Тергеу әлі жүріп жатыр», — делінген ресми хабарламада.
Айта кетсек, биыл 31 мамырда Тараз қалалық соты Жамбыл облысының пенитенциарлық жүйесінің басшыларын пара алғаны үшін бас бостандығынан айырған болатын. Осы салада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасау фактілері республиканың басқа облыстарында да анықталып жатыр.
Тағы оқыңыз: Алаяқ жігіт 19 қыздың басын айналдырып, алдап кетті
sputniknews.kz