Сот үкімі жеті жылдан соң орындалды: Үндістанда студентті зорлау және өлтіру ісіне қатысты күдіктілер жазаланды – Қазақстан жаңалықтары

0
10

Үндістанда жеті жыл бұрын студент қызды зорлап, өлгенше ұрып, соққан төрт қылмыскерге жарияланған өлім жазасы орындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Акшай Тхакур (31 жаста), Паван Гупта (25 жаста), Винай Шарма (26жаста) және Мукеш Сингх (31 жаста) соңғы бірнеше сағат бойы жалғыз камераларда отырған және тамақ ішпеген Тихар түрмесінде асылып өлтірілді. Үндістан тарихында алғаш рет төрт сотталушы бір мезгілде жазаға тартылды.

7 қаңтарда Үндістанның жоғарғы сот инстанциясы 22 қаңтарда үкімді орындауға қаулы етті. Іс бойынша кідіріс адвокаттардың кешірім жасау туралы өтініш беруімен байланысты болды, одан кейін заң және діни мәселелерді реттеу үшін кемінде 14 күн өтуі тиіс болды.

20 наурызда жоғарғы сот өлім жазасына дейін екі сағат бұрын қазіргі Үндістанның тарихындағы ең ауыр істердің бірі бойынша сотталғандардың өтінішін түпкілікті қабылдамады. Баспасөзде ол «нирбхая ісі» деп аталды(Нирбхая – «қорқынышсыз»; бастапқыда жәбірленушінің аты-жөні хабарланбағандықтан, бұқаралық ақпарат құралдары қызды осылай атады).

Адвокаттар үкімді жария еткенге дейін жеті жыл бойы қоғамдық қозғалыстар мен белсенділер айыпталушыларды дереу жазалауды талап еткен.

2012 жылдың 16 желтоқсанында 23 жастағы Джиоти Сингх Панди студентін автобуста алты мас ер адам ұрып-соғып, зорлаған. Жәбірленушінің денесі қозғалып келе жатқан автобустан жол бойына лақтырылған. Дәрігерлер қызды құтқара алмады, ол 13 күннен кейін Сингапурдың госпиталінде көз жұмды.

Бұл іс бойынша алты адам, оның ішінде автобус жүргізушісі Рам Сингх, іс бойынша бас айыпталушы, ұсталды. 2013 жылы ол өзіне қол жұмсады. Қылмыс жасалған кезде ұсталған тағы бір адам кәмелетке толмаған, сондықтан ол үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Нирбхая ісі және оның айналасындағы резонанс билікке зорлаудың ең ұзақ мерзімін 10 жылдан 20 жылға дейін ұзартуға және кісі өлтірумен бірге зорлау үшін өлім жазасын қолдануға мәжбүр етті.

stan.kz