Сот Сырым Әбдірахмановты босатты

0

Наурыздың 1-і күні Астананың Алматы аудандық сотында тіркелмеген «Алаш» партиясының жетекшісі Сырым Әбдірахмановқа сот үкімі оқылды. Судья Арман Ақылбай белсендінің бостандығын бір жарым жылға шектеп, 40 айлық есептік көрсеткіш (101 мың теңге) көлемінде айыппұл салған. Осылайша Әбдірахманов сот залынан босаған.

2018 жылы желтоқсан айының басында қамалған белсендіге тергеу органдары әуелі «көрінеу жалған ақпарат тарату», «билік өкіліне қатысты күш қолдану», «сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзуге кедергi жасау», «билік өкілін қорлау» баптары бойынша айып таққан еді. Кейінірек тек «билік өкілін қорлау» және «билік өкіліне қатысты күш қолдану» баптарын ғана қалдырған.

Азаттық