Сот Саакашвилиге парламент сайлауына қатысуға рұқсат берді

0

Киев соты 21 маусымда Грузияның бұрынғы президенті, бірнеше жыл бұрын Украинаның Одесса облысын басқарған Михаил Саакашвилиге алдағы парламент сайлауына қатысуға рұқсат берді. Сот залынан видео жариялаған Саакашвили сот шешімін «әділ» деп бағалап, «елдегі атмосфераның өзгергенін», «сотқа қысым болмағанын» атап өтті.

Украина заңы бойынша депутаттыққа түсу үшін үміткер соңғы бес жыл бойы ел аумағында тұруы тиіс. Ал өткен жылы ақпан айында Украина азаматтығынан айрылған соң Саакашвилиді елден депортация жасаған еді. Елдің жаңа президенті Владимир Зеленский азаматтығын қайтарып берген соң ғана ол мамыр айында Украинаға келген. Саакашвили өзін елден заңсыз шығарды деп есептейді.

Оқи отырыңыз: Саакашвили азаматтығын қайтарған Зеленский әрекетін «батыл қадам» деп бағалады

Ол қазір Украинадағы парламент сайлауына қатысуды көздеп отырған «Жаңа күштер қозғалысы» партиясына жетекшілік етеді. Саакашвили бұған дейін командасымен бірге «Зеленскийге елдегі жемқорлықты жою үшін көмектесетінін» айтқан.

Azattyq