Сот «ҚДТ-ға қатысы бар» деп күдікке ілінген екі әйелді тергеу изоляторына қамады

0

4 шілдеде Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы Анина Байдәулетова 51 жастағы Гүлзипа Жаукерованы үйқамақтан тергеу изоляторына ауыстыру туралы қаулы шығарды. Сот шешімі таңғы бес жарымда оқылды. Сотқа өтінішті тергеуші Толғанай Ержанова түсірген, оның өтінішін прокурор Болат Жұмағалиев қолдаған.

Гүлзипа Жаукерова және оның адвокаты Марат Ахметжанов сотта Жаукерованың үйқамақ кезінде ешқандай заң бұзбағанын, соттан тергеуші өтінішін қанағаттандырмауын сұрады. Бұған қоса, Жаукерова сотта 6 шілдеде бейбіт шеруге шығу туралы үнпарақты сақтап қойғанын, оның қылмыс емес екенін жеткізді. Ол сотта сонымен бірге үйде мүмкіндігі шектеулі бала қарап отырғанын да айтты.

51 жастағы Гүлзипа Жаукерова жәның оның адвокаты Марат Ахметжанов. 4 шілде 2091 жыл.

51 жастағы Гүлзипа Жаукерова жәның оның адвокаты Марат Ахметжанов. 4 шілде 2091 жыл.

Таңертеңгі 7:30 шамасында судья Байдәулетова 30 жастағы көп балалы ана (төрт баласы бар, ең кішісі – сегіз айлық нәресте) Оксана Шевчукке байланысты осыған ұқсас қаулы шығарды. Тергеуші тінту кезінде «оның үйінен алты үнпарақ және түтін шығаратын төрт түтікше табылғанын» алға тартып, Шевчукті үйқамақтан тергеу изоляторына ауыстыруды сұрады.

Ал Шевчук сотта бұл заттардың пәтерінде болмағанын, тінту кезінде біреулердің тастап жібергенін айтты. Оның адвокаты Ғалым Нұрпейісов Азаттық тілшісіне шешімді апелляцияға бергеннен пайда жоғын айтып, қайта қарауға жібермейтінін хабарлады.

2 шілдеде Алматы соты жалғызбасты ана Жазира Демеуованы да үйқамақтан тергеу изоляторына ауыстырған. Бұған Демеуованың «үйқамақ шарттарын бұзуы себеп болғаны» айтылды. Сотқа түсірілген тергеуші өтінішінде Демеуованың үйқамақта болса да, «қоғамға іріткі салу мақсатында «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) қозғалысының жұмысына араласқаны», 6 шілдеге әзірленген митингіге азаматтарды шақырғаны айтылады.

Бір ай бұрын сот елде экстремистік ұйым ретінде танылған ҚДТ-ға қатысы бар деген күдікке ілінген Демеуова, Жаукерова және Шевчукті үйқамаққа алу туралы шешім шығарған еді. Күдіктілер бұған дейін қозғалысқа мүше емес екенін, бірақ қозғалыс бағдарламасының кейбір пунктері ұнайтынын айтқан.

Сот белсенділер Демеуова, Жаукерова және Шевчукті астана күні қарсаңында қамауға алып отыр. 6 шілдеде елдің ірі қалаларында қазіргі билік саясатымен келіспейтін азаматтардың митингісі өтеді деп хабарланған.

Бұған дейін полиция 1 және 9 мамырда Алматыда болған рұқсат етілмеген митингтер кезінде өзге азаматтармен бірге осы үш әйелді де ұстаған еді.

Қарай отырыңыз: Жеңіс күні полиция адамдарды қалай ұстады? (9 мамыр 2019 жыл).

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз