Сот Арман Шораевтың ісіне қатысты ақпарат берді
Арман Шораевтың ісіне қатысты материалдар сотқа түскен жоқ. Техникалық себептерге байланысты сот жабық өтеді
НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Президент жанындағы қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің бұрынғы мүшесі, қоғам белсендісі Арман Шораевтың ісі Алматы қаласының тергеу сотына түскен жоқ.
Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын Facebook-те жазды.
«Қазіргі уақытта Алматының тергеу сотына материалдар түскен жоқ. Процеске бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуына байланысты бұл техникалық себептерге байланысты мүмкін емес екенін хабарлаймын. Байланыс каналы шектеулі, оған тек процеске қатысушыларды ғана қоса аламыз», — деді Жарылқасын.
Ол Алматы қаласының соттары қоғамдық резонанс туғызған істер бойынша ақпарат беріп отыратынын жеткізді.
«Бұл іске қатысты материалдар келген жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарына оның қорытындсы туралы міндетті түрде хабарлаймыз», — деді баспасөз хатшысы.
Кеше, 18 сәуір күні Арман Шораев әлеуметтік желілер арқылы бірнеше рет шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқаны үшін ұсталғаны хабарланған болатын.
Алматы полициясы өз әрекетімен Шораев төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті бұзып, мемлекет пен қоғамның заңмен қорғалатын мүдделеріне едәуір нұқсан келтірді деп мәлімдеді
Тағы оқыңыз: Арман Шораев қайда ұсталды
sputniknews.kz