Соққыға жығылып, ауруханаға түскен украиналық журналист қайтыс болды

0

Мамыр айында Украинаның Черкасс қаласында соққыға жығылып, ауыр жараланған журналист Вадим Комаров қайтыс болды. Бұл хабарды Украинаның ұлттық журналистер одағының төрағасы Сергей Томиленко айтты.

Оның айтуынша, Комаров сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні есін жимаған күйі көз жұмған. Томиленко оның өлімін кәсіби қызметімен байланыстырады.

«Жергілікті саясаткерлер оны ұнатпаушы еді. Черкастағы жемқорлық жайлы ыңғайсыз сұрақтар қойып, резонанс туғызатын тақырыптар қозғады» деп жазды Facebook желісіндегі парақшасында.

Томиленко сонымен бірге Украина билігінен журналистердің жұмысын қауіпсіз ету мақсатында әрекет жасауды талап еткен.

«Киев орталығында көптің көзінше Павел Шереметті өлтіріп кеткеннен кейін қайғылы тізім жаңа фамилиялармен толығып жатыр» деді ол.

2019 жылы 4 мамырда Вадим Комаровқа белгісіз біреулер шабуыл жасап, ауыр жараланып, ауруханаға түскен.

2016 жылы Киев орталығында журналист Павел Шереметті көлікпен қағып, өлтіріп кеткен. Оның өлімі бойынша ешкімге айып тағылмады.

Azattyq