«Соңына дейін күрес»: Ақан Сатаев Серік Сәпиев жайлы фильм түсіріп жатыр — Бокс

Танымал қазақстандық режиссер Ақан Сатаев Олимпиада чемпионы, боксшы Серік Сәпиевтің өмірбаяны негізінде фильм түсіріп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақан Сатаев фильмнің постерін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Суретте — жарық шамдары түскен шаршы алаң және рингке қарап тұрған адам.
«Боксер» фильмнің слоганы былай деп жазылған: «Соңына дейін күрес. Ауыртпалықтар уақытша. Триумф мәңгі».
«Достар, ірі масштабты, қызықты жобаны бастағанымыз туралы қуанышпен хабарлаймын», — деп жазды режиссер Instagram желісіндегі парақшасында.