«Соншама сорлы болатындай ел емес едік»: Тоқтар Серіков ұлт жағдайын айтып көзіне жас алды — Қазақстан жаңалықтары

0

Танымал әнші Тоқтар Серіков қазақ елінің қазіргі жағдайы қатты алаңдататынын, кейбір оқиғаларға жүрегі ауыратынын айтып көзіне жас алды. Ұлт болашағы үшін құрбандыққа шалынуға дайын екенін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сілтеп. 

Тоқтар СеріковӘнші қазақ қыздарының өзге ұлтқа жар болуы, тілімізге деген құрметтің азаюы, өзге ұлттардың жерімізде «өкім» жүргізіп отыру сынды мәселелер өзін қатты толғандыратынын айтады. 

«Біздің қорқақ болып бара жатқанымызға таңқаламын. Кейде көріп тұрған нәрсеге жете алмайтындығымыз, басқа бір ұлттың өкілі кеп бізге өкім айтып жатқанда басымыз сүмірейтіп қарап тұратынымыз, өзі тілімізде сөйлей алмайтындығымыз, біздің қарындастарымыздың кім көрінгенге жем боп, ит боп таланып жатқанын көргенде үндей алмайтындығымыз неден?! Соншама не ұстап тұр бізді?! Соншама сорлы болатындай ел емес едік қой біз. Соншама байлап, тұқыртып ұстап отырған не нәрсе бізді?! Осыған миым жетпей қойды», — деген әнші осы мәселелерді ойлағаннан делдал болып, жынданатынын айтып қалды.

«Мүмкін қол жинап шығып қырқысу керек шығар деп те ойлаймын. Қолға алып жасағым да келеді. Бірақ ақымақтық. Ойынан от шығарып аламын ба деп қорқамын. Көп нәрсені ойлануымыз керек. Кейде бір ақылсымақ данышпандар бар. Шығып алып халыққа ақыл айтып сабырға шақырған азаматтар бар. Солар біздің елде не болып жатқанын жүрегі сезіп, көзі көріп тұр. Соның бәрін көріп өтірік дана болып, өтірік батыр болатынына жүрегім ауырады. Бәрін бірлікке шақырамын. Заңға бағынайық, бірақ заң бізді баса бермесін», — деп ойын сабақтады Серіков.

«Кеудемде шаң-тозаңның салмағындай жасандылық болатын болса, Алла мені екі дүниеде де кешірмесін. Өз ұлтымды, елімді жақсы көремін. Егер «ұлттың тағдыры саған байланысты, сені құрбандыққа шалсақ, бүкілі жақсарады десе, дайынмын. Қол-аяғымды байламай-ақ қойсын. Егер шын мәнінде Алладан жарлық келсе, мен дайынмын», — деп ойын қорытты әнші.

stan.kz