Соңғы видеосын түсірген Yuframe вайнерлері көз жасын тоқтата алмады — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның ең танымал вайнерлері — Yuframe командасы — жобаның жабылуы туралы жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

юфреймҒаламторда үлкен танымалдыққа ие болып, көптің көзайымына айналған Yuframe ұжымының соңғы видеосы көптің көзіне жас келтірді. Бір үстел басына жиналған Арман Юсупов, оның әйелі Карина Оксукпаева, Айым Сейтметова, Артур Асқарұлы және Адина Топашева кезекпен бірге өткізген қайғылы да, күлкілі сәттері туралы жарқын естеліктерімен бөлісті. 

Видеода вайнерлер өздерін сабырға шақырғанымен, көз жастарын ұстай алмады.

Әлеуметтік желі қолданушылары болса бұл жаңалыққа таңданыстарын білдіріп, аса қуана қоймады, тіпті кейбірі мұны пранк деп йлаған. Дегенмен, олар қыз-жігіттерге осы уақытқа дейін көңілді видеоларымен қуантқаны үшін алғыс білдіруді ұмытпады.

«Қазақстандағы ең бірінші және ең керемет вайн-жобалардың бірі», «Мен сіздердің видеоларыңызбен бірге өстім», «Бұл кезекті пранк», «Бұл жобаны ешқашан ұмытпаймын, рақмет сіздерге», — деп жазды қолданушылар.

 

stan.kz