Соңғы технологиялар темекімен күресте жеңіп шықты

0

Шылым шегудің зардаптары өте ауыр. Статистикаға сүйенсек, темекіден бас тартуды ұйғарған адамдардың тек 1%-ы бастаған істерін соңына дейін жеткізеді. Осы үрдіс XX ғасырдың аяғында және осы ғасырдың басында сақталған,  алайда соңғы 5 жылды революциялық деп атауға келеді, себебі ең соңғы технологияларды енгізу арқылы шылым шегуден толық бас тартуға мүмкіндік көбейген.

Таңдау құқығының арқасында тұтынушыға үйреншікті дағдыны сақтауға және электронды темекі мен темекіні қыздыру жүйелерінің көмегімен шылым шегуден толықтай құтылуға мүмкіндік берілді.

Роберт Уэст, University College London мінез-құлық ғылымы мен профессоры, темекіні қыздыру жүйелерінің артықшылығын белгілеп көрсетті.

Біріншіден, никотинді ағзаға баламалы тәсілдермен жеткізіп, шылым шегушілердің денсаулығына зиянын азайтады. Адамға ең үлкен зиянды никотин емес, сигареттегі темекінің жану өнімдері келтіретіні әлдеқашан дәлелденген. Инновациялық өнімдер темекіні тұтынудан туындайтын зиянды 90-95%-ға төмендетеді.

Екіншіден, шылым шегуді бірден тастауға талпынатын барлық адам ұшырайтын сәтсіздік ықтималдығы нөлге дейін төмендетіледі. Яғни, темекі өнімдерінің ағзаға тигізетін әсерін азайтудың бүкіл үдерісі жайлы өтеді.

Үшіншіден, баламалы өнімдер шылым шегуден бас тартудың оң нәтижемен аяқталуын екі есе ұлғайтады. Бұл — тиімділіктің көрсеткіші!

Қазіргі таңда электронды темекінің  және темекіні қыздыру жүйелерінің баламалы өнімдер нарығында басымдық көрсетуге әбден лайық екенін атап өту керек. 

Мысал ретінде Канада тәжірибесін келтірейік. Онда Денсаулық сақтау министрлігі темекі шегушілер үшін никотинді жеткізудің электронды жүйелері туралы хабардар ету бағдарламасын әзірлеген.

Канада Денсаулық сақтау министрлігі темекіні тұтынуды қадағалау директоратының бас директоры Джеймс Ван Лунның айтуынша, 2018 жылы мамырда елде электронды темекі  үшін жаңа нормативтік режим жасалған болатын.

«Заң темекі шегушілерге өнімнің зияны азырақ нұсқасы ретінде электронды темекіні ұсынуда», — деп атап көрсетті Джеймс Ван Лун.

Қазіргі таңда Канадада шылым шегушілер үлесі 18% немесе 5,3 млн адамды құрайды, дегенмен 2035 жылға қарай Денсаулық сақтау министрлігінің шылым шегушілер санын 1,75 млн адамға дейін төмендетуге ниеті бар.

Сондай-ақ, Еуропада жаңа технологиялар зиянды әдеттен бас тарту мүмкіндігін ұсынады деген сенім көп таралған. Шылым шегумен күрестегі танымал халықаралық сарапшы, британдық Action on Smoking and Health (ASH) ұйымының атқарушы директоры Дебора Арноттың есебі бойынша, электронды темекі мен темекіні қыздыру жүйелерін реттеу ағзаға зиянды әсері аз және темекі шегуден бас тартудағы инновацияларды қолдануды ескеретін стратегияға негізделуі тиіс. 

Осындай саясат Ұлыбританияға шылым шегудің ең төмен деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік берді — 15,5%. Оның айтуынша, стратегияның өзге елдерде толыққанды іске асырылуы үшін реттеу жүйесінің трансформациясы және мемлекет тарапынан қолдау қажет. Дебора Арнотт пациенттерді, медицина мамандарын және БАҚ-ын электронды жүйелердің артықшылықтары туралы ақпараттандыруды талап етеді, себебі анық емес ақпарат темекіге тәуелділікпен күресте кедергі келтіре береді. 

Википедия энциклопедия ретінде кітапханаларға бару қажеттілігін алға тартқан болса, сол сияқты қазіргі кездегі темекіні қыздыру жүйелері жақын арада никотинді ағзаға жеткізудің дәстүрлі тәсілдерін алмастыруы  тиіс. Ал бұл, өз кезегінде, дәстүрлі шылым шегуге байланысты аурулар санының төмендеуін және нәтижесінде мемлекеттің денсаулыққа жұмсайтын шығындарының  қысқаруын білдіреді.

Дереккөз: http://egemen.kz/