Соңғы қоңырау кезінде екі мектеп оқушылары жаппай төбелесті (видео)

0

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында екі  мектеп оқушылары арасында жаппай төбелес болды. Оқиға түсірілген видеолар желіде жылдам тарап жатыр.

Instagram-дағы парақшаларда видео жарияланып жатыр. Кадрлардан төбелес басталған кезде полицейлер жақын жерде болғанын байқауға болады.Олар оқушылар бір-бірімен төбелесе бастағаннан ажыратуға тырыспақ болып жүгіреді. Видеодан оқушылардың көп болғаны көрінеді.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

Маңғыстау облыстық полиция департаменті жағдайға түсініктеме берді.

«25 мамыр күні сағат 11.00-де Бейнеу ауданының Бейнеу ауылында Ж.Қалдығараев және Ы. Алтынсарин атындағы мектеп оқушылары арасында төбелес болды. Оқиға орнында жеті адам ұсталып, мән-жайды анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Жәбірленушілер жоқ. Соңғы қоңырау күніне байланысты полиция күшейтілген режимде қызмет атқаруға көшті», — деп хабарлады полицияда.

Аталған факті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркелді.

Маңғыстау облысының полиция департаменті түлектердің ата-аналарына кәмелетке толмаған балалар үшін жауапкершілік туралы ескертіп, мектеп оқушыларын қадағалауды күшейтуге шақырады.