Соңғы ескерту: Асанов халықты зар қақсатып жүрген судьяларды жазаламақшы — новости Казахстана

0

Жақып Асанов судьялардың адамдарды қан қақсататыны үшін Жоғарғы сотты айыптады. Өйткені өрескел заң бұзып, дұрыс үкім шығармаған сот төрағалары жазаланбайды екен. Сондықтан апелляциялық соттан үміті үзілген жұрт құжаттарын көтеріп, Жоғарғы сотқа ағылады. Асанов енді судьялардың мәселесін майшаммен қарамақшы деп хабарлайды КТК арнасы.

асанов

Жақып Асанов. Фото: Спутник Қазақстан

Апелляциялық соттың бетімен кеткені соншалық, қазылар шағымды көңіл-күйіне қарай қабылдауға көшкен. Аймақтағы судьялардың бұл бассыздығына Асанов аса ашулы.

«Жергілікті жерлердегі заң бұзушылыққа Жоғарғы соттың өзі мүмкіндік беріп отыр. Біздің судьялар облыстарда шыққан үкім мен шешімді қайта қарап, оны өзгерту не күшін жоюға ғана міндеттімін деп ойлайды.

Ал қате жіберген судьялардың мәселесін қарап жатқан ешкім жоқ. Олар неге адамдарды Жоғарғы сотқа шағымдануға мәжбүр етеді? Бұған да ешкім бас қатырмайды», — дейді Жоғарғы сот төрағасы.

Жоғарғы сот былтыр 450 үкімнің күшін жойыпты. Ал елімізде шешім шығарғанда өрескел қате жіберген, заң бұзған судьялардың статистикасы жоқ. Олар жазаланбайды да.

Асановтың айтуынша, кассациялық сот аймақтардағы судьялардың шалыс басқанын жасырады. Біздің кейбір судьялар қара қылды қақ жарып, әділ шешім шығармақ түгілі, тіпті сауатты сөйлей алмайтын көрінеді. Тілі түсініксіз, сөздері күрделі. Оқып тұрған мәтінді ұғу қиын. Жоғарғы сот төрағасы судьяларға қанша «кітап оқы» десе де, олар құлақ аспай келе жатыр екен.

«Әріптестер, естеріңізге сақтаңыздар, ешқайсыңызды аямаймыз. Судья деген атқа кір келтірсеңіздер, сіздерді ешкім қорғамайды. Бас прокуратура, ҰҚК, Жемқорлыққа қарсы бюромен бірігіп судьялар арасындағы жемқорлықты анықтаудың әдісін әзірлеп жатырмыз», — деп кейіді Жақып Асанов.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар

Дереккөз: kaz.nur.kz